Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекетік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Бұл арада, мемлекеттік қызметтің миссиясын, мемлекеттік қызметшілердің ерекше құқықтық мәртебесін, олардың алдына қойылған міндеттердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мемлекет азаматтар үшін, кандидаттарға қойылатын талаптарды және тиісті шектеулерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру қағидаларын айқындауға құқылы.

Аталған мәселелер мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық сенімін және берілген өкілеттіктердің теріс пайдаланылуына жол бермеуді қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін.

Осыған орай, 2025 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабына Конституцияға сәйкес келмейтін деп танылған бірқатар заңнама нормаларына өзгертулер қабылданды.

Аталған өзгертулерге сәйкес, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру кезінде келесі мерзімдерге шектеулер көзделетін болады:

1 жыл – Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген шектеулерді немесе қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған тұлғалар үшін;

2 жыл – мемлекеттік қызметке кір келтірген тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан шығарылған тұлғаларға (бұрын заңнамада өмір бойынша шектеу көзделген);

3 жыл – мемлекеттік  қызметке кірер алдындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған немесе қылмыстық теріс қылық жасаған тұлғаларға;

5 жыл – онша ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған тұлғаларға (аталған мәселе бойынша бұрын 3 жыл мерзім көрсетілген);

8 жыл – ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған тұлғаларға мемлекеттік қызметке кіруге шектеулер көзделген (аталған мәселе бойынша бұрын 3 жыл мерзім көзделген).

Басшылық мемлекеттік лауазымға орналасу үшін жоғарыда көрсетілген шектеулердің мерзімі үш жылға ұлғайтылады.

Бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, экономикалық қызмет саласында және тағы да басқа ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған азаматтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған тұлғалар үшін мемлекеттік қызметке кірмеу бойынша өмір бойына шектеулер көзделген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы кезінде, оның бұрынғы жұмысында жасаған тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауапкершілігін қарау мүмкіндігі енгізілді.

Көрсетілген өзгертулер мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге және халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталған.

 

Т.Қ.Жұмағұлов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

 

Дата публикации
28 ноября 2025
Дата обновления
28 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы