Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты

 

Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өткен #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджінің аяқталғанын хабарлайды. Бұл бастама «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылды.

Акция барысында аймақтық халыққа қызмет көрсету орталықтарында 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер салтанатты түрде табысталды. Бұл қадам олардың ресми түрде елдің азаматтық өміріне қадам басқанын білдіріп, әрбір азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызын айқындады.

Сонымен қатар, Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алаңында Конституциялық Сот пен Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғандарға құжаттарды табыстау рәсімі өтті.

Аймақтарда челлендждің ХҚКО филиалдарының мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылуы оның ауқымын кеңейте түсті.

Маңыздысы, челлендж өткен аралықта ел бойынша 229 азамат алғашқы жеке куәлікке ие болды, сондай-ақ, онлайн-өтініш арқылы 310 құжат табысталды.

Осылайша, #ATAZAN_AZAMAT_KZ челленджі Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар кешенінің бір бөлігіне айналды. Бастаманың жүзеге асырылуы азаматтық жауапкершілік пен патриотизм құндылықтарын нығайтуға ықпал етіп, құқықтық мәдениеттің дамуына және тұрақты мемлекеттің қалыптасуына жастардың қосар үлесін айқындады.

Дата публикации
05 сентября 2025
Дата обновления
05 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы