Меню

Страницы

Статья

Балаларға цифрлық әлемнің қыр-сыры таныстырылды

       Балаларға цифрлық әлемнің қыр-сыры таныстырылды

      Балаларды қорғау күніне орай, 28 мамырда Ақтау қаласындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында жас буынға арналған ерекше танымдық шара өтті. «Қазақстан балалары» республикалық акциясы және «Кибер Тұмар» тақырыптық күні аясында өткен бұл іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

   Мақсаты айқын — өсіп келе жатқан ұрпаққа заманауи цифрлық технологиялар туралы түсінік беру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін көрсету, сондай-ақ интернет кеңістігінде өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру.

      9-12 жас аралығындағы балалар ХҚКО ғимаратында арнайы экскурсияға қатысып, қызмет көрсету процесін көзбен көріп, әр бөлімнің жұмысымен танысты. Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алу жолдары, электронды үкімет порталының мүмкіндіктері, сондай-ақ цифрлық шешімдердің өмір сүру сапасын арттырудағы рөлі жайлы қызықты әрі түсінікті тілде ақпарат берілді.

    Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Айбек Музбаев қатысушыларға арнап жылы лебізін білдіріп, балалардың болашағына деген сенімін жеткізді: «Балаларды қорғау күні — бұл біздің ортақ жауапкершілігімізді еске салатын маңызды мереке. Бүгінгі іс-шара арқылы біз балаларға цифрлық қауіпсіздік негіздерін түсіндіріп, оларды саналы әрі сауатты пайдаланушылар ретінде тәрбиелеуге жол ашамыз. Бұл — жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам»,-деді ол.

      Іс-шара соңында балалар үшін түрлі интерактивті ойындар, логикалық тапсырмалар мен қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Кішкентай қонақтар үшін шағын фуршет те дайындалды. Іс-шараның ең жарқын сәттерінің бірі — барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстау болды. Бұл – олардың алғашқы цифрлық саяхатынан естелік ретінде қалары сөзсіз.
      Айта кетейік, шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
28 мая 2025
Дата обновления
28 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы