Меню

Страницы

Статья

Бейнеуде жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды қабылдау басталды

Бейнеуде жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды қабылдау басталды

 

Бейнеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған секторы жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды қабылдауды бастады. Енді әкімшілік орталықтың және оның айналасындағы елді мекендердің тұрғындары уақыт пен ресурстарды үнемдей отырып, облыс орталығына бармай-ақ емтихан тапсыра алады.

Бейнеу ауданының мамандандырылған секторы 2018 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Ол Қосай ата көшесі, 4/5 мекен-жайында орналасқан. Бұған дейін мұнда көлік құралдарын тіркеу және қайта ресімдеу бойынша қызметтер қолжетімді болған. Енді теориялық емтихан тапсыру мүмкіндігі қосылды.

"Теориялық емтихан кезеңі: 40 минут ішінде үміткер 40 сұрақтың кем дегенде 32 сұрағына дұрыс жауап беруі керек. Егер теориялық кезең сәтті өтсе, үміткер практикалық бөлімге – көлік жүргізуге жіберіледі. Кандидаттар практикалық бөлігін Ақтау қаласының мамандандырыған ХҚКО бөлімінен тапсырады", - деп түсіндірді Бейнеу ауданы ХҚКО секторының басшысы Алтынай Меден.

 

Теориялық және практикалық кезеңдерден сәтті өткеннен соң қызмет алушылар жүргізуші куәлігін алады. Ол үшін жеке куәлік, медициналық тексеруден өткені туралы анықтама, 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек және автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік ұсыну қажет.

 

Естеріңізге сала кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыратын немесе болашақта емтихан тапсыруды жоспарлап отырған үміткерлерге https://avtomektep.kz онлайн-ресурсы арқылы оқу курсын аяқтағаны туралы куәліктің тіркелуін тексеру ұсынылады. Деректер болмаған жағдайда ақпарат енгізу үшін оқу орталығына (автомектепке) жүгіну қажет.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ  Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Дата публикации
07 февраля 2025
Дата обновления
07 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы