Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері ерікті бастамаларда

Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері ерікті бастамаларда

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасымен Әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне қатысты талдау жұмыстары жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерімен – 537 түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде дәріс пен семинарлар – 391,  орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар – 81, БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар – 14, интернет-ресурстарындағы мақалалар – 51.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттік органдарда – 61 мемлекеттік қызметші көтермеленді.

Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын дәріптеу бағытында 2024 жылы мемлекеттік қызметшілерден және азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған волонтерлер топтарымен мемлекеттік органның міндеттерінен туындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шараларға қатысу бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдердің бастамасымен 94 іс-шара ұйымдастырылды.

 2024 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлерімен көрші аймақтағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмектер көрсетілді. Одан бөлек өмірлік ауыр жағдайларға тап болған азаматтарға заң тұрғысынан құқықтық көмектер, ардагерлерді ардақтау, аз қамтылған отбасылардың балаларына мереке күндері сыйлықтар тарту ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет көрсететін «BR coffee social project» дәмханасында тамақтану, облыстық деңгейде ұйымдастырылған сенбілік акцияларға қатысу және донор болу бойынша ерікті бастамаларда мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері елеулі бастамалар көтерді.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов

 

Дата публикации
04 февраля 2025
Дата обновления
04 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы