Құмар ойынға қатысу қызметтен босатуға алып келеді
Елімізде 2024 жылғы қыркүйекте ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулер күшіне енді. Заңдарға халықтың ойынға салынуды төмендетуге бағытталған шектеу және ынталандыру нормалары енгізілген болатын.
Сондай-ақ, құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді.
Құмар ойынға қатысуға тыйым салынған адамдардың қатары мемлекет алдында қарызы бар тұлғалар туралы бірыңғай тізілімде тұрған тұлғалар, яғни атқарушылық іс жүргізу бойынша, қарызы бар тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық банкте көрсетілген тұлғаларды құмар ойындардан шектеумен және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың оларға қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуы шектелген.
Енгізілген бұл өзгерістер бойынша мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды.
Бұл бағыттарда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі және де Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен Мемлекеттік басшысының тапсырмасы бойынша лудоманияның өсуіне жол бермеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне мемлекеттік қызметкерлер ойын мекемесіне барудан тартынуы туралы қызметтік әдеп стандартымен толықтырылды.
Мұнымен қатар, 2024 жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға осы бағытта бірқатар түзетулер енгізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу пайда болды.
Аталған Заңда «Ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды» деген мазмұндағы тармақпен толықтырылды.
Осылайша, заңнаманың талаптары бүгінгі таңда барынша күшейді.
Құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға алып келеді.
Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан бас тартпаса, шектеуді сақтамағаны үшін олардың жұмыстан шығарылатындығын көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов