Меню

Страницы

Статья

2024 жылы Маңғыстауда 240 егіз және 1 үшем дүниеге келген

2024 жылы Маңғыстауда 240 егіз және 1 үшем дүниеге келген

 



 Өткен жылы  Маңғыстау өңірінде 18343 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 240 егіз және 1 үшем сәби жарық дүние есігін ашқан.

 

 2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Маңғыстау облыстық филиалының АХАТ бөлімдерімен 41910 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Нақтырақ айтсақ,  28922 азаматтық хал актілері тіркелген және 4646 акт жазбаларына өзгерістер, түзетулер енгізілген. Қызмет көрсету кезінде 27445 бастапқы куәліктер табысталған болса, 8485 қайталама куәліктер мен 2363 анықтама берілген.

 Маңғыстаулықтар жаңа туған ер балаларға көбіне Ертөре, Жантөре, Мұхаммед, Дінмұхаммед, Шахсұлтан, Хақназар, Амир, Әбілмансұр, Алихан, Заңғар, Альтаир, Айсафи, Хан  есімдерін қойған. Ал қыз балаларға қойылған есімдердің ішінде  Айдай, Сафия, Бегімай,  Айлин, Дария, Асылым, Мариям, Айша, Аянат, Томирис аттары танымал екен.

 

 

«Былтыр  шетелде туған 2021 баланың туу туралы акт жазбалары қалпына келтірілді. 345 тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруға байланысты туу туралы акт жазбаларына өзгерістер енгізілді. 943  әке болуды анықтауға байланысты туу туралы акт жазбаларына өзгерістер енгізілді», - деді Азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Айша Елемесова.

 

Айта кетелік, 2024 жылы асырап алуға байланысты 36 баланың туу туралы акт жазбасы өзгертіліп, 2314 туу туралы акт жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар жасалған.

 

Дата публикации
31 января 2025
Дата обновления
31 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы