Меню

Страницы

Статья

Маңғыстауда Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 28 тұлғаның құқығы қалпына келтірілді

Маңғыстауда Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 28 тұлғаның құқығы қалпына келтірілді

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өндірісінде 105 арыз-шағым  қаралды.

Арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде 28 азаматтың құқығын қорғау бағытында тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың тарапынан азаматтарды әуре сарсаңға салу, арыз-шағымдарды қарау мерзімдерін негізсіз созу бойынша 4 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Мүндай құқықбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тиісті шара қолдану бойынша аумақтық Департаментпен ұсынымдар енгізілді. Нәтижесінде 2 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара, 1 қызметкер өз еркімен қызметінен босатылып, 1 қызметкерге әкімшілік шара қолданылды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет бойынша инватакси қызметін орындау барысындағы бұзушылыққа қатысты, инватакси қызметінің сапасын қадағалауға жауапты бөлімнің қызметкерлеріне шара қолдану және барлық құжаттар мен тапсырыстарды тіркеу журналын тексеру жөнінде шешім қабылданды.

Жұмыссыздық мәселесі бойынша жүгінген Қарақия ауданының азаматының өтінішіне қатысты аудан әкімінің атына мәселені шешуге ықпал ету туралы ұсыным енгізілді.

Бұдан басқа, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты кәсіпорын директоры лауазымына қатысты өткізілген конкурсты жариялау мәселесінде және арыз иесінің сұрау салу хатына тиісті деңгейде жауап бермегендігі анықталды. Осы фактілер бойынша басқармаға ұсыныс енгізіліп, кінәлі жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылған және арызданушығы қажетті мәліметтерге қол жеткізіліп, бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормалары бұзылған, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану және сыйлықақы тағайындау туралы Қағида нормаларын бұзу арқылы құқықтары шектелген 5 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Кәсіпкер және мердігер мекеме өкілдеріне қатысты Әдеп нормаларын бұзғаны үшін 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының сақталуы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты назарында.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов

    

 

Дата публикации
30 января 2025
Дата обновления
30 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы