Меню

Страницы

Статья

Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2024 жылы жүзеге асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау есебі

Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2024 жылы жүзеге асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау есебі

 

2025 жылдың 28 қаңтар күні ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы  5 тамыздағы  № 18 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы»  Заңының 16-тармағына  сәйкес 2024 жылы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған жобаларға тәуелсіз сараптамалық кеңес бағалау жүргізді.

Сараптамалық кеңестің құрамы 22.01.2025жылғы №13 н/қ бұйрығымен құрылды.

  1. Рамашева Гүлсім – «Түпқараған аудандық Азаматтық Бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;
  2. Елеусинова Милана Әминқызы - «Қолдау» орталығы» жеке мекемесінің төрайымы;
  3. Әкімжанов Данияр Демесінұлы - «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша басшысы.

Бағалауға "Jas Senim" қоғамдық қоры, "Боевое братство" Ауғанстандағы соғыстың Ардагерлерінің Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі, "Саламатты Ел" қоғамдық қоры, "Ой-сана" психологтер қоғамдық бірлестігі ұйымдары қатысты.

Бағалаудың нәтижесі:

  1. «Жастарды ұлттық құндылықтарға бейімдеу, азаматтық бастамаларына қолдау көрсету» жобасы 95,00% көрсеткіште бағаланды.
  2. «Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру және ақпараттық насихаттық жұмыстарының алдын алу» жобасы 93,33% көрсеткіште бағаланды.
  3. «Отбасы институтын нығайту және гендірлік теңдікке бағытталған, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік бейімдеу іс-шараларын ұйымдастыру» жобасы 85,00% көрсеткіште бағаланды.
  4. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету» жобасы 85,00% көрсеткіште бағаланды.
  5. «Патриоттық тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шаралар ұйымдастыру» жобасы 86,67% көрсеткіште бағаланды.
  6. «Ауданда ішкі туризмді дамыту, тарихи-мәдени ескерткіштерді дәріптеу шараларын ұйымдастыру» жобасы 71,67% көрсеткіште бағаланды.
  7. «Мемлекеттік тілді насихатату, қолданысына мониторинг жүргізу» жобасы 70,00% көрсеткіште бағаланды.
  8. «Жастар саясатын қолдау және әлеуетін арттыру» жобасы 83,33% көрсеткіште бағаланды.
Дата публикации
30 января 2025
Дата обновления
30 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы