Меню

Страницы

Статья

Алты мыңнан астам Маңғыстаулық зейнетке шыққан

            Алты мыңнан астам Маңғыстаулық зейнетке шыққан

   

Маңғыстау облысында 2024 жылы  жасы бойынша зейнетке шығу үшін 6064 азамат өтініш берген. Еске салсақ, Қазақстанда әйелдер зейнет жасына 61 жаста, ерлер 63 жаста шығады.

 

  Зейнет жасына жеткен азаматтардың көбін мазалайтын сұрақ: зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар қажет? Төменде осы сұраққа жауап береміз.

 

  Айта кету керек, зейнетақы төлемдеріне өтінішті ХҚКО арқылы немесе электронды үкімет порталы арқылы беруге болады. Өтінішке қол қою ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар электронды порталдан өтініміңіздің статусын бақылап отыруға болады.

 

  Зейнет жасына жеткен кез келген азамат зейнетақы төлемдерін алу үшін бірқатар құжат ұсынуы керек:

  • Жеке куәлік ( азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, қандас куәлігі);
  • Неке туралы куәлігі (тегін ауыстырған жағдайда);
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірленген өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, мұрағат мекемелерінің анықтамалары);
  • Банк шоты туралы мәлімет;
  • Сурет 3*4 (зейнетақы куәлігі үшін).
  • Білім туралы құжат;
  • Әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
  • Балалардың туу туралы куәліктері (әйелдер үшін);
  • НҚА талаптарына сәйкес басқа құжаттар.
Дата публикации
15 января 2025
Дата обновления
15 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы