Меню

Страницы

Статья

«Үздік жас ХҚКО қызметкері» марапатталды

«Үздік жас ХҚКО қызметкері» марапатталды

 

 

  Мұнайлы ауданында халықаралық еріктілер күніне орай «Жастар премиясы-2024» байқауы  өтті. Байқауда жыл қорытындысы бойынша өз саласында үздік атанған 30 адам  марапатталды. Олардың қатарында «Үздік жас ХҚКО маманы» номинациясына ие болған Ануар Резабеков бар.

 

Ануар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Мұнайлы аудандық ХҚКО бөлімінде 2020 жылдан бері жұмыс жасайды.

 

 «Мен байқауға биыл бірінші рет қатыстым. Үздіктер қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Мұндай шаралар жастарға шабыт береді. Еліміздің дамуына зор үлес қосып жүрген жастарды демеп, қолдау көрсету керек деп ойламын», - дейді Ануар.

 

  Мұнайлы аудандық ХҚКО бөлімнің басшысы Бөкенбай Мұханұлының айтуынша, Ануар өз ісінің кәсіби маманы. Аз уақыттың ішінде өзінің кәсіби іскерлігін көрсетіп,  өзіне жүктелген міндетті лайықты атқаруда.

 

  «Ануар кез-келген жұмысты тиянақты жасайды. Құжаттарды сапалы қабылдап, тұтынушылардың көңілінен шыға біледі. Бұған дейін де аудан әкімінен, филиал басшысынан бірнеше рет алғыс хат алған. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз», - дейді Бөкенбай Маханұлы.

 

  Айта кету керек, шара Мұнайлы ауданының  қоғамдық өміріне үлес қосқан жастарына қолдау көрсету, отаншылдық рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

Дата публикации
20 декабря 2024
Дата обновления
20 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы