Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері Маңғыстау облысының 20 мыңнан астам тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген

Жыл басынан бері Маңғыстау облысының 20 мыңнан астам тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген

 


  Жыл басынан бері Маңғыстау облысының 21442 тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген. Алайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация филиалының деректеріне сәйкес, тек  3910 адам "тапсырды" деген оң баға ала алды.

   Емтихандар келесі ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық. Теориялық емтиханда Маңғыстау облысынан 9918 үміткер жеткіліксіз дайындықты көрсетіп, тестілеуден сәтті өте алмады. Практикалық емтиханға қабылданғандардың 7614-і де сынақтан сүрінген.

 

   Емтихандарды сәтті тапсырған Жанғалиев Нұрлан өз тәжірибесімен бөлісті.

 

 "Мен теорияны бірінші әрекеттен тапсырдым, бірақ практикада қобалжып  сәтсіздікке ұшырадым. "Тік өрлеу және тік еңіс" тапсырмасы қиын болды, сосын тағы екінші әрекет жасап  оны сәтті өттім. Мұнда айналарды дұрыс орналастыру немесе бұрылыс сигналдары сияқты ұсақ-түйектерге де назар аудару маңызды. Шын мәнінде, егер сіз жақсы дайындалсаңыз – емтихан тапсыруда қиындық болмайды", — деп атап өтті Нұрлан.

 

  Айта кету керек, екі емтиханды сәтті тапсырған кезде жүргізуші куәлігі мамандандырылған ХҚКО-да екі сағат ішінде беріледі.

 

  Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында енгізілген жаңа ережеге сәйкес емтиханға рұқсатты автомектепті бітіргеннен кейін ғана алуға болады.    

Қажетті құжаттарды жинағаннан кейін кандидат Ақтау қаласының Өнеркәсіптік аймақ 9, 57-учаске мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, жүргізуші куәлігін алуға өтініш беруі тиіс. Өтініш бергеннен кейін қызмет алушы  күнді белгілеп, емтихан тапсыратын уақытты брондай алады.

 

Дата публикации
25 ноября 2024
Дата обновления
25 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы