Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік корпорация цифрлық трансформация жолында

Мемлекеттік корпорация цифрлық трансформация жолында

 

         2024 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 11 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. ХҚКО өз-өзіне қызмет көрсету бөлімінде 5 миллионнан астам қызмет алынған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетілімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында Мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде.

 

Сонымен қатар мемлекеттік корпорация қызметті қашықтан алуға мүмкіндік беретін «ХҚКО» мобильді қосымшасын белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда 79 түрлі қызмет қолжетімді, оның көмегімен 132 890 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 400 181 рет ХҚКО операторлары бейнеқоңырау арқылы қоңырау шалған.

 

«Цифрландыру мемлекеттік қызметтің халыққа тез әрі қолжетімді болуына көмектеседі. Бүгінгі таңда көптеген процедуралар, соның ішінде төлқұжатқа өтініш беру бірнеше минутты алады. Біз қызметтерімізді одан әрі жаңартып, азаматтардың үмітін ақтайтын IT шешімдерді енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

 

Айта кетейік, Мемлекеттік корпорацияның негізгі цифрлық шешімдерінің қатарына кіреді:

 

 - Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (БМЖМК). Енді жер актісі мен техпаспорт бірыңғай кадастрлық паспортқа біріктіріліп, құжаттарды қарау уақыты бір жылдан 30 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, құжаттарды өңдеу кезеңдеріне онлайн-мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілді;

 

- Азаматтардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы хабарламаларды жіберуге арналған сервис әзірленді. Жыл басынан бері 5,7 миллионнан астам хабарлама жіберілді.

 

 - Цифрландыру аясында Мемлекеттік корпорация әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандыру бойынша жобаларды іске қосты;

 

 

Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген уақытта және кез келген жерде қажетті қызметтерді ала алатындай цифрлық жобаларды дамытуды жоспарлауда.

Дата публикации
15 ноября 2024
Дата обновления
15 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы