Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Қымбатты түлектер!
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін ауданда алтын ұя мектебін бітіріп, балалық шақтан болашаққа қанат қаққалы тұрған 438 жас түлек үшін ең бір қымбат, ең бір қимас та ұмытылмас күн. Қанат қаққалы тұрған жас түлектердің 15 оқушысы «Алтын белгіге» және 36 жас түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Үміткерлеріміз сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздарының еңбегін, аялап өсірген ата-аналарының сенімін ақтайды деп сенеміз.
Бүгінгі мерекеде жас түлектерге білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектері үшін барша ұстаздарға ерекше алғысымды білдіремін.
Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. Қадам басып отырған жаңа өмір жолында сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын. Алған білімдеріңіз бен барлық күш- жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін.
Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілеймін!