Меню

Страницы

Статья

Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!

Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаздың алғашқы күнімен келетін бұл мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мерейлі сәт.
Халқымыз «Балалы үй базар», «Бала – болашағым, жалғасым» деп ерекше мейіріммен айтқан. Мұның өзі халқымыздағы ата-ана мен баланың арасындағы ерекше байланыс пен ежелден үзілмеген ұрпақтар сабақтастығы. Бала бақытын бағына балаған ата-ана үшін бұл мерекенің маңызы да, мағынасы да терең.
Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу.
Қымбатты балалар!
Біздің көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да сендердің жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін! Осынау бақытты балалық шақтарың еліміздің адал азаматы болуға жетелесін. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын.
Мереке құтты болсын!
Дата публикации
01 июня 2023
Дата обновления
01 июня 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы