Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуі: Қызылөзен ауылы
Бүгін Қызылөзен ауылдық мәдениет үйі ғимаратында Рахат Елтизаров Қызылөзен ауылы тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады. Көтерілген мәселелер қатарында интернет желісі, арнайы қосқыс контейнерлері, газ сынды мәселелер болды.
Сонымен қатар ауыл әкімі Қабылбек Шарипов ауыл бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Кездесуден соң аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.