Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына конкурс жариялайды. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130500, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Оңғалбайұлы көшесі, №2
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру, өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, Кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, ерікті түрде қоныс аудару, қызметтік тұрғын үй алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға, жұмыссыздарға және аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, қолданыстағы еңбек нарығын талдауға, оның даму перспективалары, кәсіби бағдарлау және халықты психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді.
Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, тіркелген еңбек нарығының деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша озық тәжірибені зерделеуді және қорытуды ұйымдастырады. Халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды. Әрбір нақты жағдайда өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды немесе жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың немесе біліктілігін арттырудың неғұрлым орынды нысаны мен орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды және орталықтың, оның материалдық-техникалық базасының шаруашылық дербестігін кеңейту және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ басқа қаржыландыру көздерінен түсетін қаражатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Орталықтың Қаржы - шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуын және орындалуын бақылайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кеудесі үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін уақтылы қарауды және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді.
Конкурс қатысушыларға қойылатын талаптар:
1.Жоғары білімді болуы,
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
5) Еңбек кітапшасының (егер болған жағдайда) немесе еңбек шартының, немесе соңғы жұмыс орнындағы жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының немесе еңбек шартының тоқтату туралы жазба;
6) Үлгі бойынша денсаулық туралы анықтама;
7) 250 формадағы декларация тапсыру.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліміне, кәсіптік деңгейіне (біліктіліін көтеру, ғылыми дәрежелер және атақтар, ғылыми басылымдар туралы құжаттардың көшірмесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығын кепілдіктер және т.б.) қатысты қосымша мәліметтер бере алады.
Қажетті құжаттар баспасөз ақпараттық құралдары ресми басылымдарына сайыс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға әкелінуі қажет: Форт-Шевченко қаласы, Оңғалбайұлы көшесі, № 2 ғимарат, 6 бөлме.
Анықтама телефондары: 8/72938/ 22760, 22264, электронды мекенжай: zh.azhikova@mangystau.gov.kz
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ