Меню

Страницы

Статья

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Түпқараған аудан әкімдігі, Маңғыстау облысын әлеуметтік - экономикалық  дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес, Түпқараған ауданының аумағында бизнес жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдері мен жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын өткізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату үшін мобильді павильондар орнатуға қатысушыларды анықтау бойынша конкурсқа өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды.

 

Конкурстың негізгі талаптары

  1. Қосымша тізімде көрсетілген мобильді павильондарға конкурс жүргізіледі, оны алудың ең басты шарттарының бірі – ауыл шаруашылығы өнімдері мен жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бекітілген шектік бағада сату. Мобильді павильон – кәсіпкердің қаражатынан салынады.

1.1 Конкурста жеңіске жеткен жағдайда кәсіпкер жалға берушімен осы шартқа қол қойылғаннан кейін 12 айдан кешіктірмей «Түпқараған аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен келісілген эскизге сәйкес коммерциялық мобильді павильонды салуға міндетті;


  1. Түпқараған ауданы әкімдігімен белгілеген төмендегі мекен-жайға ғана конкурс жүргізеді:

2.1. Форт-Шевченко қаласы, Б.Маяұлы  көшесі  («Айнамкөз» дүкеніне қарсы аялдама жаны)

2.2. Сайын Шапағатов ауылдық округі М.Елубаев көшесі №111/2  учаске жаны («Науалы» дүкеніне қарсы жолдың бойы)

2.3. Ақшұқыр ауылы Б.Сарсенов көшесі №152 учаске жаны («Ақтілек» шағын маркетіне қарсы)

2.4. Ақшұқыр ауылы, Б. Қожашев көшесі, №11/3 учаске жаны («Жоламан» медициналық орталығының жаны)

2.5. Сайын Шапағатов ауылдық округі, А. Бекенжанов көшесі, №107 учаскенің жаны (22 шақырымнан Тұмышев көшесіне түсетін ауыл ішілік асфальт жолдың бойы)

  1. Бір мекен-жайдағы павильонға бірнеше өтінім түскен жағдайда жеңімпаз баллдық тәсілмен анықталатын болады:

3.1. 100 бұтақ тал отырғызған жағдайда – 5 балл.

3.2. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыспен қамтылған әр адамға 1 балл беріледі.

  1. Қатаң тыйым салынады:
    4.1.«Түпқараған аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен келісілген эскизге өзгерістер енгізуге;

4.2. Сату немесе жалға беруге;

4.3. Жер учаскесін кеңейтуге және конфигурацияны өзгертуге.

  1. Конкурсқа қатысуға керек құжат тізбесі:

5.1. Өтініш;

5.2.Жеке басты куәландыратын құжат/заңды тұлғаның куәлігі;

5.3.Бизнес-жоспар;

5.4. Жеке кәсіпкер мәртебесін растайтын куәлік (талон) көшірмесі;

  • Өтініш құрамына кәсіпкер барлық талаптармен келісілетіндігін
    растайтын нотариалды куәландырылған кепілдік хат қосу қажет.

 

Өтініштер Форт Шевченко қаласы, Н. Оңғалбайұлы-1 мекен-жайдағы «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не керекті құжаттар тізбесі салынған конвертте ұсынылады.

Өтінішті қабылдау уақыты: 2023 жыл, сәуір айының 17-26 жұлдызы аралығы.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: +7 72938 22862

Дата публикации
26 апреля 2023
Дата обновления
26 апреля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы