Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы хабарландыру

Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі

есепті қарау туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар түсті:

- жобаны іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын Құжат жобасы («Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына Түсіндірме жазба);

- Құжатты іске асыруды жоспарланатын аумақтың сипаттамасы («Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына схемалар);

- Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы («Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп).

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Урбостиль» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Түпқараған ауданының әкімдігі, Форт-Шевченко қаласының әкімдігі

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ бойынша есепте Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2024-2050 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2026 жылғы 14 сәуірден 2026 жылғы 15 мамырға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 15 мамыр.)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83,

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына электронды түрде жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Сіздің құжатыңызды Кеңсенің алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

  1. Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
  2. «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімдігі сайтында

 

 

Дата публикации
06 апреля 2026