Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қамту саласының есебін қарау туралы хабарландыру

Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қамту саласының есебін қарау туралы

хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 56-бабының                 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

-құжаттың негізгі бағыттары мен оны іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын жобасы ("Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының бас жоспары. Түзету" жобасына түсіндірме жазба);

- құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы ("Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының бас жоспары. Түзету" жобасына схема);

-құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адам өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы ("Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының бас жоспары. Түзету" жобасына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қамту саласының есебі).

         СЭБ материалдарын әзірлеуші: "Урбостиль" ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ.

 СЭБ материалдары бойынша қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

 

  • Бас жоспарды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет және неге?
  • СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2024-2050 жж

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылдың 03 желтоқсанынан 2026 жылдың 03 қаңтарына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні - 2026 жылдың 03 қаңтары)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz  

n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz   

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына электронды түрде жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Кеңседе сіздің құжаттарыңыздың алынғаны туралы телефон арқылы міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08- 44

СЭБ бойынша материалдар орналастырылды:

Министрліктің сайтында ("Қызмет" бөлімі - "Негізгі құжаттар" бөлімі - "Стратегиялық экологиялық бағалау" бөлімі)

Маңғыстау облысының Түпқараған аудан әкімдігінің сайтында

Дата публикации
03 декабря 2025