Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

ЖОБА

 

Түпқараған ауданы бойынша

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

2021-2022 жылдарға арналған

жоспарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Э.Келбетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                         Аудандық мәслихат хатшысы                     

                                                                                                А.Досанова 

 

Түпқараған ауданы бойынша жайлымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған

іс-шара жоспары

Мақсаты: Жайылымдарды тиімді пайдалану және мал шаруашылығының өнімділігін көтеру

Қойылып отырған мақсатқа жету және оны шешу үшін мына іс-шараларды іске асыру қажет

Іс-шаралар атауы

Кезеңдер

Қорытынды

Орындалатын деңгейі

1.      Мәліметтер жинау, сараптау және мониторинг

1.1. Жайылымдарға ғылыми кешенді зерттеулер жүргізу (геоботаникалық, топырақ құнарлылығы, мелиоративті  жай-күйі, малға берілетін жүктеме)

 

2 жылға дейін

Жайылымдарды тиімді ұзақ мерзімді пайдалануға қызмет етуге негіз болады

РБ, ЖерҒӨО есебінен

1.1.1. Түпқараған ауданының елді мекендеріндегі жайылымдық жерлер көлемі 44104,34 га

1 жылға дейін

 

Геоботаникалық зерттеу құны жергілікті бюджет есебінен

РБ, ЖерҒӨО

1.1.2. Түпқараған ауданының жерлерді пайдаланудағы жайылымдық жерлер  568562,7 га

 

2 жылға дейін

 

АШТӨ және ЖБ есебінен

1.2. Жайылым сыйымдылығы картасын құрастыру

 

2 жылға дейін

Жайылым сыйымдылығы картасы

РБ, Жер ҒӨО

1.3. Жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге құқық белгілейтін құжаттардың негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде орналасқан жайылым картасын құру

1 жылға дейін

 

Жайылымдарды  басқару тірек картасы

РБ, ЖерҒӨО

1.4. Жайылымдар мониторингісін жүзеге асыру,          әр-түрлі типтегі жайылымдардың өнімділігін зерттеу және олардың сыйымдылығын анықтау.

 

2 жылға дейін

Анықтама

ҰММ(ұсақ мүйізді мал) ІҚМ бір басына азықтық бірлікті есептеу,жайылымдарды қалпына келтіру бойынша толық сметалық құжаттама

ЖАО, ЖҚ,СжҚҚБ

Агроорст Ассоциациясын тарта отырып

1.5. Елді мекендер шегіндегі жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің рұқсат етілген шекті нормаларын сақтау

 

2 жылға дейін

Жайылымдардың тиімді пайдалану

ЖАО (ауылдық окрг әкімдіктері)

1.6. Ауыл шаруашылығы малдың иелерін көрсете отырып, сан бойынша мәліметтер беру

1 жылға дейін

 

Әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша ауыл шаруашылығы малдың есебі

АШБжВБ, ауылдық округ әкімдіктері

1.7. Ауылдық елді-мекендерде орналасқан халық және үй шаруашылықтардың саны бойынша мәлімет

1 жылға дейін

 

Әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша ауыл шаруашылығы малдың есебі

Ауылдық округ әкімдіктері

1.8. Ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жастоптары бойынша құрылған отар, табын туралы мәлімет

1 жылға дейін

 

Әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша ауыл шаруашылығы малдың есебі

Ауылдық округ әкімдіктері, АШБжВБ

1.9. Ауылдық елді мекендерде ауыл шаруашылығы  жайылу жоспары бойынша мәліметтер беру

1 жылға дейін

 

Жер пайдаланушылардың жайылымдарды тиімді пайдалануын қамтамасыз етуі

Ауылдық округ әкімдіктері

1.10. Ветеринариялық-санитарлық объектілер

1 жылға дейін

 

Ветеринариялық-санитарлық объектілер туралы анықтама

АШБжВБ,ауылдық округ әкімдіктері

1.11. Жайылымдарда мал жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлардың басын қалыптастыру  туралы мәліметтер беру

1 жылға дейін

 

Ауыл шаруашылығы малдарының есебі

АШБжВБ, АШТӨ, ЖҚ,СжҚҚБ

1.12. Малды айдап өту туралы мәлімет

1 жылға дейін

 

Жайылымдарға мал кедергісіз кіруінің қамтамасыз етілуі

АШБжВБ, ЖҚ,СжҚҚБ,АШТӨ

2.      Ақпараттық және білім беру әлеуметін нығайту

2.1. Жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру

1 жылға дейін

 

Жер пайдаланушылар жайылымдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі

ЖАО, ЖҚ,СжҚҚБ

2.2. Жайылымдарды қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңес, жарияланымдар мен БАҚ-та мамандардың сөз сөйлеу арқылы, жергілікті халықтың хабардарлығын арттыру

1 жылға дейін

 

Халықтың хабардар болу деңгейінің артуы

ЖАО, ЖҚ,СжҚҚБ, АШБжВБ

2.3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды ауданның интернет-сайтында орналастыру

1 жылға дейін

 

Айқын қолжетімділік

ЖАО

2.4. Жайылымдық басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру туралы, ауданның жыл сайынғы есептердің қорытындыларын БАҚ-та жариялау

 

2 жылға дейін

Айқын қолжетімділік

ЖАО

3.      Жайылымдардың инфрақұрылымын дамыту және технологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру

3.1. Жайылымдарды түгендеуден өткізу

 

2 жылға дейін

Жайылым алаңдарының оның ішінде табиғи шабындықтарды нақты есепке алу

ЖАО, АШБжВБ

3.2. Жайылымдардың айналымсыз басын жасақтау

1 жылға дейін

 

Жайылымдар айналымы туралы есепке алу

ЖАО, ЖҚ,СжҚҚБ АШБжВБ

3.3. АӨК ауыл шаруашылығында мал басын асылдандыруды ұйымдастыру

 

2 жылға дейін

Қабылдаған жоспар жайылымдарды пайдалану және оларды суландыруын жақсартуға ықпал ететін болады

ЖАО, АШБжВБ

3.4. Жайылымдарды геоботаникалық тексеру негізінде олардың айналымы сызбасын  әзірлеу және бекіту

1 жылға дейін

 

Жайылымдардың пайдаланылуының жақсарту және басқару

ЖАО, ЖҚ,СжҚҚБ, АШБжВБ

3.5. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру туралы жыл сайынғы есеп беру

1 жылға дейін

 

Жайылымдарды іске асыру туралы есеп

ЖАО, ЖҚСжҚҚБ ,

АШБжВБ

3.6. Соғылған және тозған жайылымдар туралы облыстық жергілікті атқарушы органына хабарлау

 

2 жылға дейін

Жайылымдардың сапалық  сипаттамаларын жақсарту мақсатында әрі қарай іс-әрекет жасауы

ЖАО

 

Аббревиатуралар:

РБ – Республикалық бюджет;

ЖАБ –Жергілікті аудандық бюджет;

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган;

АШБжВБ – Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі;

ЖҚ,СжҚҚБ – Жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі;

ЖерҒӨО – Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы;

АШТӨ – Ауылшаруашылығытауарөндірушілері.

Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
27 октября 2020