«Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

2 тармағы 1) және 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;»;

«4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                             А.Нугманов

 

Дата публикации
24 января 2025