Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Түпқараған ауданының аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Түпқараған ауданының аумақтық референдум комиссиясының

ШЕШІМІ

 

Форт-Шевченко қаласы                      №9                      2024 жылғы 24 қыркүйек                         

 

 

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 3-тармағының негізінде, учаскелік референдум комиссияларының ұсынысы бойынша Түпқараған ауданының аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген дауыс берушілердің бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

 

№

Референдум учаскесінің №

Учаскенің орналасқан жері

1.      

№236

Қаражанбас вахталық поселкесі  «Қаражанбасмұнай»

акционерлік қоғамының «мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы» ғимараты

2.      

№238

Бозашы вахталық поселкесі  «Buzachi operating LTD» компаниясы филиалының

«Тренинг центр» ғимараты

3.      

№259

«Қаражанбас» кен орнындағы вахталық поселкесі  «Қаражанбас» кен орнындағы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының спорт залы ғимараты

 

  1. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешімнің көшірмесі Маңғыстау облысының аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

Референдум комиссиясының төрағасы                                 Д. Меңдіханов

 

Референдум комиссиясының хатшысы                                 Р. Башенова

Дата публикации
25 сентября 2024