Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы
Түпқараған ауданының аумақтық референдум комиссиясының
ШЕШІМІ
Форт-Шевченко қаласы №8 2024 жылғы 24 қыркүйек
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағының негізінде, Түпқараған ауданы әкімінің дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынысы бойынша Түпқараған ауданының аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:
1) Қаражанбас вахталық поселкесі, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының «мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы» ғимараты, № 236 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін;
«Тренинг центр» ғимараты, № 238 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін;
3) «Қаражанбас» кен орнындағы вахталық поселкесі, «Қаражанбас» кен орнындағы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының спорт залы ғимараты, № 259 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін.
Референдум комиссиясының төрағасы Д. Меңдіханов
Референдум комиссиясының хатшысы Р. Башенова