Баланың тууын тіркеу: нені білу керек

Маңғыстау облысының АХАТ бөлімдерімен 11292 туу туралы куәлік берілді. Салыстыру үшін, 2023 жылдың 6 айында 10452 туу туралы акт тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, баланың тууын тіркеуге өтінішті оның ата-анасы туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруі керек.Егер ата-ана қандайда бір себептермен баланы тіркей алмаса, оны қамқоршылар немесе медициналық ұйымның әкімшілігі тіркеуі қажет.

Өтініш беру үшін жеке басын куәландыратын құжат,сондай-ақ ата-анасы некеде болса, неке туралы куәліктің көшірмесі қажет. Егер тіркеуге қызмет алушының өкілі жүгінсе, нотариалды куәландырылған сенімхатсұралады.

Өтінішті республика аумағындағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында өзі барып беруге болады немесе 1414 нөмірінен SMS хабарламаларға жауап беру арқылы проактивті түрде толтыруға болады.

Айта кетелік, баланы мемлекеттік тіркеу рәсімі екі жұмыс күнінен аспайды.

Дата публикации
07 августа 2024