«Dunga Operating GmbH» Филиалы-ның көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Хаттама
Жиынтық кесте жасалған күні: 30.07.2024ж.
Жиынтық кесте жасалған орын: Маңғыстау облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бықылау комитеті ҚР ЭТРМ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Маңғыстау облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 03.07.2024 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзім: 03.07. - 24.07.2024 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту мен ұсыныстар |
|
1 |
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті |
1.Аумақтағы және (немесе) акваториядағы қоршаған орта компоненттерінің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу, олардың шегінде көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ инициаторда бар болса, фондық зерттеулердің нәтижелері болжанып отыр. Өзекті деректерді ұсыну қажет. 2. Өндіріс және тұтыну қалдықтары. 2.1. Қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын барлық өндіріс және тұтыну қалдықтарына талдау және түгендеу жүргізу. 2.2. Барлық түзілген қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату классификациясы мен әдістерін анықтаңыз. 2.3. Қалдықтарды қауіпсіз сақтау және олардың араласуына жол бермеу үшін қалдықтарды уақытша жинақтау объектілерін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес көздеу. 2.4. Қауіпті қалдықтардың пайда болуына жол бермеу немесе олардың пайда болу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды көздеу. 3. Көлемі, қауіптілік сыныбы және ластау заттар көзі көрсетілген ластаушы заттардың шығарындыларына түгендеу жүргізу. 3.1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде құрылыс пен пайдаланудың барлық кезеңдерінде шаңды басу жөніндегі іс-шараларды көздеу. 4. Қоршаған ортаның ластануының (жер ресурстарының, атмосфералық ауаның және су ресурстарының ластануы) салдарын жеке-жеке болдырмау және (немесе) жою бойынша авариялық жағдайлар кезінде іс-қимыл жоспарын әзірлеу. |
|
2 |
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
1. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚР Экологиялық Кодексінің және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау; 2. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 27 қазандағы № 294 бұйрығының талаптарын сақтау; 3. Белгіленген қызметті жүзеге асыру көзделетін аумақтағы атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйіне, сондай-ақ бастамашыда бар болса, фондық зерттеулердің нәтижелеріне талдау жүргізу; 4. Қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын барлық өндіріс және тұтыну қалдықтарына талдау және түгендеу жүргізу; 5. Барлық түзілген қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату классификациясы мен әдістерін анықтау; 6. Қалдықтарды қауіпсіз сақтау және олардың араласуына жол бермеу үшін қалдықтарды уақытша жинақтау объектілерін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес көздеу; 7. Қауіпті қалдықтардың пайда болуына жол бермеу немесе олардың пайда болу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды көздеу; 8. Аталған нысанның географиялық координаттары ерекше қорғалатын аймағы территориясында орналаспауы қажет; 9. Орман шаруашылық аймағына кірмеуі қажет |
|
3 |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясы |
1. Су обьектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында (тиісті облыстардың әкімдері белгілейтін) құрылысқа (немесе салуға байланысты емес) жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Су кодексі 125 және 126- баптарының талаптарына сәйкес белгіленген тыйымдар, шектеулері ескеріле отырып жүзеге асырылады, атап айтқанда: 1.1. Су обьектілерінде және су қорғау белдеулерінің шегінде, су шаруашылығы мен су тарту құрылыстары және олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылғыларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және басқа да су көлігінің жұмысына қатысты көлік инфраструктурасын қоспағанда жаңадан салынатын құырыстарды (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендері мен коммуникациялары) жобалауға, салуға және орналастыруға, топырақ пен шөп жамылғысын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (соның ішінде жер жырту, мал жаю, тау-кен жұмыстарын жүргізу) тыйым салынады. 1.2. Су қорғау аймақтарының шегінде ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды және басқа да құрылыстарды қайта құруға сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, кабельдерді, құбырларды және басқа коммуникацияларды төсеуге, бұрғылау, жер және басқа да келісілген жұмыстарды жүргізуге, белгіленген тәртіппен оның ішінде бассейндік инспекциясымен келісілген жобасы жоқ жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады; 1.3. Су обьектілерінің аумағы арқылы көлік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларының өтуін, су обьектілерінің жұмыс режимін қамтамасыз ету, судың ластануын, бітелуін және сарқылуын болдырмау жөніндегі іс -шараларды жүзеге асыруды олардың зиянды әсерінің алдын-алуды көздеуге тиіс; 2. Егер аумақта су обьектілерінде су қорғау аумақтары мен белдеулері белгіленбеген болса, жоспарланған іс шараларды жүзеге асыру туралы шешім су қорғау аймақтары мен белдеулері тиісінше тәртіппен белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағының талаптары ескере отырып қабылданады. 3. Судағы жоспарланған қызметті жүзеге асыру үшін су обьектісінен тікелей су обьектісінен алуды немесе алмай-ақ жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануға ҚР Су кодексінің 66 бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |
|
4 |
Маңғыстауоблысының туризм басқармасы |
Ұсынылмады |
|
5 |
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті |
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында келесі рұқсаттарды алуы тиіс: - эпидемиялық маңызы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды (егер объектінің санитариялық-қорғау аймағының өлшемі 500 метрден жоғары болса); - қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар рұқсат етілген шығарындылары туралы нормативтік құжаттардың жобаларына санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды; - есептеу (алдын ала) және белгіленген (соңғы) санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жобалары бойынша санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды. - кәсіпорынның қауіптілік классына сәйкес санитариялық-қорғаныш алаңының аумағы көгалдандыру; - санитариялық-қорғау аймағы мен жұмыс орындарында өндірістік бақылау жүргізіп, өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне ұсынуы. |
|
6 |
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы |
«Dunga Operating GmbH» Филиалы-ның белгілеп отырған қызметі туралы өтінішінде белгіленген жұмыстар аумағы мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерде орналасуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 245, 257 баптары, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» № 593 Заңның 17 бабының талаптарын сақтай отырып жүргізілуі қажеттігін ескертеді. «Dunga Operating GmbH» Филиалы-ныңбелгіленіп отырылған қызметтері аумағында табиғи еркіндік жағдайында жануарлар дүниесі объектілерімен кездесуі, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлармен кездесуі мүмкін екендігін қаперге береді. |
|
7 |
Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы |
Ұсынылмады |
|
8 |
«БАТЫСҚАЗЖЕРҚОЙНАУЫ» Батыс Қазақстан геология өңіраралық департаменті |
Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша компаниялардың белгіленген қызметі туралы өтініште көрсетілген мәселелерді қарау Департаменттің құзыретіне кірмейді. |
|
9 |
Түпқараған ауданы әкімінің аппараты |
Ұсынылмады |
|
10 |
Қоғам |
Ұсынылмады |