Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні яғни 8 шілде де азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейінжұмысістейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGovmobile» қосымшалары, egovkzbot 2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болатынын ескере кетейік.

Кезекші орталықтардың мекен жайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп, танысааласыз.

Дата публикации
04 июля 2024