59 млрд тенге: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарналар түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төртайында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлемөң деді. Бұл сома биыл алғаш реет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әр салымшының барлық зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Содан кейін ЖБМЗЖ сомасы үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.

ЖБМЗЖ-ның он пайыздық зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы - бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.

Шартты жинақтар – зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның бір жолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс.

Дата публикации
15 мая 2024