Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру  

Жолаушылар мен багажды автомобильмен

ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
хабарландыру

 

Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі2023 жылдың 01маусымкүні Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, аудан әкімдігі ғимараты мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішіліктасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың өтетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:

№ 1 лот.«Ақшұқыр-Сайын Шапағатов-Ақшұқыр».

Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» талаптарына сәйкес келетін автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, 2 ғимаратмекен-жайына ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың             19 мамыры.

2023 жылдың 05мамыр Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

Анықтама телефоны: 8 /72938/ 23-1-56.

Дата публикации
02 мая 2023