Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
  2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
  2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Проактивті қызмет арқылы:

  1. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
Дата публикации
28 апреля 2023