Түпқараған аудандық маслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

Түпқараған аудандық маслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы    9 маусымдағы №05-10-1063  ақпараттық хаты негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық маслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3698 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің регламентінің 1-тарауының 1-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;

  1. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Ә. Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевқа жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

ТӘА

Дата публикации
16 июня 2020