ЖОБА
Түпқараған аудандық маслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/188 «Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы»Заңдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 9 маусымдағы №05-10-1063 ақпараттық хаты негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
- «Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық маслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/188шешімінің регламентіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3699 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің регламентінің 1-тарауының 1-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
- «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Ә. Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған ауданыәкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевқа жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.