Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды айқындау туралы

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды айқындау туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты                                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып айқындалсын: Форт-Шевченко қаласының Бейменбет Маяұлы көшесінде орналасқан парк жанындағы алаң.

 Шерулер мен демонстрациялар өткізу орны болып келесі маршрут белгіленсін: Форт-Шевченко қаласындағы Жаңа Кетік шағын ауданындағы Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбаев көшелері қиылысынан бастап Ораз Бозахаров көшесінің №30 үйі жанында орналасқан көпірге дейінгі автокөлік жолы.

  1. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. «Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстарциялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Түпқараған ауданы мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4/35 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3129 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 16 тамызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Ә. Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Қ. Озғанбаев).
  5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

ТӘА

 

2

Түпқараған аудандық мәслихатының

2020 жылғы « » маусымдағы

№ шешіміне қосымша

 

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі

 

  1. Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес әзірленіп, Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында пайдалану тәртібін айқындайды.
  2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  3. Түпқараған ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды бейнебақылау камераларымен, оның ішінде бейнетіркеу мобильді кешендерімен, орындықтармен, жарықтандырумен, санитарно-гигиеналық тораптармен, турникетпен және қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етеді.
  4. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу кезінде олардың қатысушыларымен азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірілген материалдық залал заңда белгіленген тәртіпте өтелуге жатады.
  5. Түпқараған ауданы әкімдігімен келіспей киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға тыйым салынады.
  6. Инфрақұрылым объектілеріне, ғимараттарға, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарына және өзге де мүліктерге зиял келтіруге жол берілмейді және санитралық тазалықты сақтау.
  7. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізілетін жерде барлық туындаған қосымша шығындарды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазалау, жарық беру және радиостансалау бойынша оларды ұйымдастырушылар өтейді.
  8. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстарциялар) ұйымдастыру және өткізу үшін толтырудың шекті нормасы екі жүз елу адамнан аспауы тиіс.
Дата публикации
08 июня 2020