ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?
Тұрғын үй көмегі тұрақты тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға (аазматтарға), сондай-ақ Түпқараған ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға(қосымша жалдаушыларға) беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7(жеті) пайыз мөлшерінде.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы ауданы 15(он бес) шаршы метрден кем емес және 18(он сегіз) шаршы метрден артық емес,бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
Барлық сұрақтармен жұмыспен қамту бөліміне және ЦОН орталықтарына хабарласуға болады.
Жұмыспенқамтубөлімі: 8/72938/222-64