Маңғыстауда жұмыссыз жүрген жандарға арналған өзге аймаққа көшіру бағдарламасы түсіндірілді

Маңғыстауда жұмыссыз жүрген жандарға арналған өзге аймаққа көшіру бағдарламасы түсіндірілді
Маңғыстау облысында жұмыссыз жүрген жандар ерікті қоныс аудару бағдарламасы мен көшіп, материалдық көмек ала алады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығын да өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады.
Бағдарлама жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыс күші жетіспейтін облыстарға ерікті түрде қонысаудару үшін қарастырылған.
Сондай-ақ, спикер 2023 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес облыстарды атап өтті.
- 2023 жылға қандастармен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары белгіленді. Бағдарламаға қатысушыларға яғни отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (241 500 тенге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі. Мысалы, егер отбасында 6 адам болса, барлығына 1,5 млн. теңге беріледі. Бұл қаржы, баспанаға берілетін қаржыдан бөлек болмақ,-деді Әсет Шопанов.
Осы бағдарламамен 2022 жылы барлығы 45 отбасы, яғни 205 адам қоныс аударған. Қазір олардың барлығы да жұмыспен қамтылды. Бұл екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға үлкен мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, Түркіменстаннан келген 20 отбасы( 95 қандас) дәл осындай мүмкіндік пен солтүстікке қонысаударған. Солардың бірі - Мэлс Рымбаев. Олерікті түрде Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжарауданы, Восход ауылына 2022 жылы қонысаударған. Мемлекеттерр отбасы мүшесіне 214 410 теңге қаржылай көмек көрсеткен.
-Менің төрт балам бар. Барлығы мектепке орналастырылды. Жергілікті әкімдік киім, тамақ мәселелерімен көмек көрсетті. Баспанамыз бар. Өте жылы. Қазірде газ электр дәнекерлеуші болып қызмететемін. Айтаралғысым шексіз!,- дейді Мэлс Рымбаев.
Айта кетейік, қалалық жерлерге қоныс аударған бірада мүшін 20 АЕК(60 000теңге), отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК(86 250теңге), ал отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде төленеді.
Ал, ауылдық жерлерге қоныс аударған бір адам үшін 15 АЕК(51 750 теңге) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК (62 100 теңге) мөлшерінде, ал отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК (72 450 теңге) төленеді.
Ерікті қонысаудару бағдарламасына қатысушылар тұрғылықты мекенжайы бойынша «Жұмыспен қамту орталықтарына» жүгіне алады
Дата публикации
06 февраля 2023