Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Білім додасының жаратылыстану-математикалық бағытына 154, қоғамдық-гуманитарлық бағытына 170 оқушы қатысты.
Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы - 1 камера» қағидаты бойынша өткізілді. YouTube арналарында олимпиаданың бейнежазбасы мен тікелей көрсетілімі жүргізілді.
Олимпиада жұмысын қадағалау,бақылау мақсатында «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы директорының орынбасары Есенғалиева Гүлжахан Есенкосовна, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Түпқараған ауданы бойынша филиалының жетекшісі Акимжанов Данияр Демесинович, филиал хатшысы Абенова Күнайым Акниязкызы, ата-аналар қауымдастықтарының мүшелері келіп қатысты.
Олимпиаданың екінші кезеңінен жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыстық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз!