Түпқараған ауданының әкімдігінің
2022 жылғы «__» ______________
№____қаулысына №__ қосымша
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 27наурыз
№57 қаулысымен бекітілді
«Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Егер «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Ауылдық округ әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
1) өтініштерді, арыздарды, шағымдарды қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
3) салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
4) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
5) ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
6) шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді;
7) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жұмыссыздарды белгілеп отырады;
11) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
13) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-көпшілік және ағартушылық iс-шараларын ұйымдастырады;
14) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
15) халықтың әлеуметтiк мүжәлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
16) ауылдық округтің денсаулық сақтау ұйымдарына кадрлық қамтамасыз етуге ықпал етеді;
17) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
18) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
19) шаруашылықтар бойыншаесепке алуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру бойынша дерекқорларды жүргізеді, мал басына анықтамалар беру жұмысын ұйымдастырады;
20) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
21) өз құзыреті шегінде елді-мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді қамтамасыз етеді;
22) ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
23) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
24) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
25) оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
26) гендерлік саясатты жүргізеді және ұйымдастырады;
27) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
28) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
29) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқару түсімдерін және шығыс қаражаты жоспарын бекітеді;
30) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
31) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
32)жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
33) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) береді;
34) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
35) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
36) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
37) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
38) ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеуді жүргізеді;
39) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
40) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
41) жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
42) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
43) ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
44) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады, ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
45) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
46) ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
47) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
48) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
49) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
50) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
51) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
52) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
53) мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын, әкімшілік рәсімдерін сақтайды;
54) «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдайды;
55) мемлекеттік тұрғын үй қорының және коммуналдық нысандар мен автокөлік жолдарының бухгалтерлік есебін жүргізу, балансқа қабылдауды жүзеге асыру, нысандардың баланстық және қалдық құнын шығару бойынша заңдылыққа сай тиісті құжаттарын рәсімдейді;
56) бюджет қаржысының өз мақсатына жұмсалуын және бюджеттік ерекшеліктер бойынша толық игерілуін қамтамасыз етеді, бағдарламалар бойынша қаралған бюджет қаражаттарының игерілуіне байланысты тиісті құжаттарды жинақтайды, конкурс немесе тендерді мерзімінде өткізуді ұйымдастырады;
57) мемлекеттік органның кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» дербес басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді;
58) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2.Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
11) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
12) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16.«Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
4) шарттар, келісімдер жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
8) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
2) жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
4) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
5) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
6) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
7) шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
10) қызметкерлерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
11) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
12) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
13) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
14) қызметтік тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23.«Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату