«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Түпқараған ауданының әкімдігінің

                                                                                                                                           2022 жылғы «__»______________

                                                                                                                                           №____қаулысына №__ қосымша

 

                                                                                                                           Түпқараған ауданы әкімдігінің

                                                                                                                           2019 жылғы 30 желтоқсан

                                                                                                                            №207 қаулысымен бекітілді

 

 

«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

            1.«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қызылөзен ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2.«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

мынадай ведомствосы бар:

Түпқараған ауданы әкімдігінің «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

            3.«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің

ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңда тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалар, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 

азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  2. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  3. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  4. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130504, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы, С.Сисенбаев көшесі, №2 ғимарат
  5. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  6. Осы Ереже «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжаты болып табылады.
  7. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңқызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  8. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесікәсіпкерлік субъектілерімен «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесізаңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:жергілікті деңгейде ауыл халқының өмір сүру деңгейінің сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру
  2. Міндеттері: Қызылөзен ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
  3. Функциялары:

1) «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:

жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және әкім мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

Қызылөзен ауылының бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

ауылдың бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолданудың дағдыларын үйрету

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және ішкі бақылауды жүргізеді.

«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

Түпқараған ауданының әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының ережесін  оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2) Түпқараған ауданы әкімдігінің "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының функциялары:

облыстық, аудандық, ауылдық мәдениет мекемелерімен тығыз байланысты болып, бірлесіп жұмыс жасау;

ауыл өнерпаздарын облыс және аудан көлемінде өтетін байқауларға және мәдени шараларға қатыстыру, жас таланттарға қолдау көрсету,олардың өнерге деген құштарлығын арттыру;

клубтық құрылымдардың жоспарлы жұмыс жасауын қалыптасыру, құрылымдар санын көбейту;

сапалы мәдени қызмет көрсеу үшін қажетті жағдайларды жасау, кадрлардың біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру;

семинар-кеңестерді жиі өткізу және оған үйірме жетекшілерін де қатыстыру, сондай-ақ семинар-кеңестерге ауыл әкімі басшылығының да қатысуына ықпал ету;

ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің, студенттердің, жас чемпион спортшылардың мәдениет үйіндегі түрлі мәдени шараларға қатысу белсенділігін ұйымдастыру;

халықтық рухани талабын қанағаттандырып, ауыл тұрғындарының бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, халыққа жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсету мақсатында жұмыстар атқару болып табылады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуге;

Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібасшылықты «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
  2. Ауыл әкімі Қазақстан Республикасының Призиденті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.
  3. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңауыл әкімінің орынбасарлары қарастырылмаған.
  4. Ауыл әкімінің өкілеттігі:

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ауыл әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.Ауыл әкімі өз өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі атқарады.

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауыл әкімі басқарады.

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесініңмүлкі

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңмүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауылдың (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіжергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

5.«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

               «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

     Түпқараған ауданы әкімдігінің "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

 

«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
26 января 2023