«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

І-тарау. Жалпы ережелер

 

 

  1. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Түпқараған ауданында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылықты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  5. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  7. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі № 2 құрылыс.

 

 

 

  1. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде: Государственное учреждение «Тупкараганский районный отдел предпринимательства и сельского хозяйства»

10.Осы Ереже «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12.«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  1. Егер, «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

ІІ-тарау. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

14.«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауданда кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдауды  қамтамасыз  ету, кәсіпкерліктің  дамуына  барынша  қолайлы  жағдайлар  жасау, кәсіпкерліктің  инфрақұрылымын  кеңейту  және оны  насихаттау, сауда базарларында  баға тұрақтылығын және ауыл шаруашылығы және туризм саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету болып  табылады.

  1. Міндеттері:

1) кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау;

2) аудан аумағында бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелердің, алаңдардың (алаңқай) сауда нүктелерін маусымдық ашуға қызығушылық танытқан тұлғаларға іс – шараларын жүзеге асыру;

3) ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Республикалық, облыстық және аудандық әр-түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;       

4) заңнамамен жүктелген басқада міндеттерді орындау.

5) инвестицияларды тарту және өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

6) аудан экономикасының басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

7) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

8) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы қызметі бойынша  мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық  инспекцияны жүзеге асыру болып табылады;

        10) туристік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, туристік тартымдылықты арттыру, қала немесе аудан атауы ;

        11) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

        12) өңірлік мәдени-туристік кластерді дамыту және өңірдің туристік инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;

        13)  аудан экономикасына туристік саланың үлесін арттыру.

  1. Функциялары:
  • аудан бойынша кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы туризмге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту саласында монирингін жүзеге асыру;
  • маусымдық кезеңде көкөніс және баубақша өнімдерін сатуға рұқсат қағаздарын рәсімдеу және аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға орын алған кемшіліктер бойынша ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізу және бағаны тұрақтандыру бойынша саясатты жүзеге асыру;
  • көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • қаржылық ұйымдармен (банк, микро ұйымы, қорлар және т.б.) бірлесе отырып, аудан кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бойынша көмек көрсету;
  • ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы қызметінің дамуына қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу;
  • аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңестiң қызметiн үйлестіру;
  • инвестициялар тарту, өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша іс-шараларды (форумдар, көрмелер, семинарлар, кеңестер және т. б.) ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
  • инвестициялық жобалар бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы облыстық атқарушы органға ұсыну;
  • аудан экономикасына инвестициялар тартудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
  • Түпқараған ауданына инвестициялар тарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу және іске асыруды қамтамасыз ету;
  • іс-шараларды (форумдар, көрмелер, семинарлар, кеңестер және т. б.) ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
  • аудан аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
  • қонақ үйлер мен табиғи объектілерді қоса алғанда, аудан аумағындағы барлық туристердің есебін жүргізу;
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды  оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

     16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

     17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

     18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес:

агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді;

тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер береді;

тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркейді;

    тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді;

      19) Ауыл шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпорындарға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жолдарын қарастырып, құзырлы органдарға ұсыныс жолдау;

     20)  Агро азық - түлік белдеуін құру бойынша тұжырымдаманы толығымен зерделеп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен бірлесіп семинарлар өткізу;

      21) Өз құзыреті щенберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген қағидалар мен ережелеріне сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жергілікті бюджеттен субсидиялауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;

         22)   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

         23) Мал санағы мен асыл тұқымды малды есепке алу,Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия алушылардың құжаттарының уақытылы жасақталуын және тапсырылуына консультативтік көмек көрсету.

24) Егін, балық шаруашылықтары мен айналысатын шаруашылықтардың жұмысын ұйымдастыруға ықпал жасайды.

25) Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулыларымен егіншілерге берілетін субсидиялардың құжаттарын жасақтайды,уақытында облыстық ауыл шаруашылық басқармасына жолдауын қамтамасыз етеді.

26) Жыл аяғында ауыл шаруашылығы саласының жұмысын қорытындылап,аудан әкімінің жылдық есебіне материалдар әзірлейді,көрсеткіштер тақтасын жасақтайды.

27) Әр ай сайын статистикалық есептілік тапсыратын мекемелердің есептілігін уақытында тапсыруын бақылау, НКИ (нақты көлем индексі) нәтижесі туралы ақпарат беру.

28) Аудан көлеміндегі асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтардағы асыл тұқымды мал басы есебін жүргізу, нормативте көзделгендегі ауданның жылдық есебін тапсыру.

28) «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шараларын қабылдау;

29) «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары  мен  міндеттері:

«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын жандандыру саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте аудан әкіміне, аудан әкімінің жауапты орынбасарына, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс әзірлеуге;

«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысына қатысты мәселелер бойынша жиналыстар, конференциялар өткізуге;

негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар аудан әкімінің, аудан әкімінің жауапты орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін  «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан, қажетті ақпараттар, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға;

         Балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеруге;

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің асып кетуіне, белгіленбеген орындарда саудаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін бақылау, тексеру жүргізу құқығы берілсін.

         Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

IІІ-тарау. Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

  1. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Түпқараған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді.

2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) бұйрық шығарады және бөлімнің барлық қызметкерлеріне тиісті тапсырма береді;

4) Мемлекеттік органдармен,ұйымдармен және азаматтармен  өзара қарым-қатынастарда  оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

5) бөлімнің қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді;

6) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;

7) жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;

8) келісім-шарттар жасасады, сенімхаттар  береді, банк  шоттарын  ашады  және  өзгеде  мәмілелер  жасайды;

9) берілген коммуналдық мүліктің  сақталуын  қамтамасыз етеді;

        10) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

        11) «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді.

      12) «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз өкілеттіліктерін өзі атқарады, бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

IV-тарау. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мүлкi

 

  1. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

          «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22.«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

23.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

V-тарау. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемелекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Дата публикации
05 января 2023