МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР!
Былтырғы жылдың қараша айында«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Заңмен бірқатар заңнамалық актілерге, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Заңына да өзгерістер енгізілді.Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеу рәсімін оңтайландыру шеңберінде мемлекеттік тіркеуге жататындар қатарынан:- жергілікті бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы;
- ветеринария саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА)алып тасталды.
Бұл өзгерістербюджетте көзделген іс-шараларды жеделдетіп іске асыруға, сондай-ақ, халық пен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға байланысты шараларды кідіріссіз қабылдауға бағытталған.
Дей тұрғанмен, мұндай актілерді қабылдаукезінде әзірленген НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталына орналастыру, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы, Қоғамдық кеңестіңұсынымдарын алу, сондай-ақҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде жариялау сияқтызаңнаманыңталаптары сақталады.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметімен 2022 жылдың 29 желтоқсанында қабылданған «ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» №1093 қаулысына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдарыныңНҚА мемлекеттік тіркеуді жүзегеасыру жөніндегі Әділет министрлігінің функциясыа.ж. 1 қаңтарынан бастап аумақтық әділет органдарына берілді.
Қорыта келе, өзгерістердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін оңтайландыруғамүмкіндікбергендігін атап өтеміз.
Маңғыстау облысының әділет департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімі