Түпқараған ауданы әкімдігінің
жылғы «»___________
№қаулысымен бекітілген
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны: Мемлекеттік мекеме
Меншік түрі: Мемлекеттік
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,
индекс 130500,
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко қаласы,
Оңғалбайұлы көшесі,
№ 2 құрылыс
Форт-Шевченко қаласы 2018 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің
жылғы «»___________
№қаулысымен бекітілген
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1) «Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
11Осы Ереже «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» құрылтай құжаты болып табылады.
Егер «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық хал актілерін тіркеуді іске асыру;
3) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;
4) жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
5) мүгедектерді және ардагерлерді оңалту;
6) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін тиісті шаралар алу;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де міндеттер.
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды, еңбек ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асыру;
2) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;
4) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;
5) жалғызбасты азаматтарды және мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғыз басты азаматтарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;
6) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;
7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
8) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;
9) үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
10) мүгедектерді оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;
11) мүгедектерді протезді-ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
12) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету;
13) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ортаға бейімдеу қол жетімділікті қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік саясатты іске асыру;
14) орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;
15) мамандандырылған туберкулезге,өмірлік қиын жағдайларға тап болғандар, онкологияға және т.б. қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;
16) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;
17) табиғи зіл-заланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;
18) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
19) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;
20) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;
21) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
22) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
23) ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын әзірлеу және бекіту;
24) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;
25) жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын әзірлеу және бекіту
26) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
27) Шартты ақшалай көмек үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
28) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
29) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
30) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
31) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
32) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
33) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
34) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
35) бала асырап алуды мемлекттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
36) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
37) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
38) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың сақтауын жүзеге асырады;
39) мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтардың сақталуын бақылау функцияларын жүзеге асырады;
1) халықты жұмыспен қамтудың жай күйін бағалауды және дамуын болдауда, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іаке асыруды жүзеге асырады;
3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4) жұмыссыз ретінде не жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы анықтама береді;
5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жіберіді;
6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жодама береді;
8) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
10) бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыружөнінде әлеуметтік келісім шартқа қол қояды, оның орындаоуына және шарттары орындалмаған кезде «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңнамаға сәйкессанкциялардың қолдануына мониторингті жүзеге асырады;
11) еңбек делдалдығын көрсетеді және бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.
12) азаматтарды бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша хабардар етеді және консультациялық қызметтер көрсетеді; құжаттар дайындауда көмек көрсетеді, үміткерлердің қажеттілігін зерттеу мақсатында лармен консультация өткізеді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргізеді, олардың құжаттарын қабылдайды;
13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуетті қатысушыларды іріктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;
17) бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
18) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаларға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;
19) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттерін тартады;
1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
2) еңбек делдалдығын көрсетуге;
3) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;
4) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
5) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
6) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға;
7) құзыретіне сәйкес қабылдауға болжамдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындауды, әзірлеуді жоспарлауға;
8) әзірлеуші «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылатын Түпқараған ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына және қолдану өзектілігіне мониторинг жүргізуге;
9) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингті қамтамасыз етуге;
10) ведомстволық бағыныстағы мекеме басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
11) ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекеменің мүліктерін бекітуге, құрылымын анықтауға;
12) ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекеменің қаржылық жоспары мен штаттық кестесін бекітуге;
13) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
14) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.
3.«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру
20.«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары қарастырылмаған.
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
5) құжат айналымын ұйымдастыруды және қадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
6) «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
7) «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді; Мемлекеттік қызметкерлердің бекітілген заңнамаларға сәйкес функционалдық міндеттерін бекітеді;
«Түпқарағанаудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22.Бірінші басшы өз өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі орындайды.
4.«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
5.«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі