Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (бала күтімі демалыс кезіңіне, 2025 жылдың 25 қарашасына дейін) лауазымына конкурс жариялайды. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130500, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Б.Маяұлы көшесі, №18
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету; жастар және жастар ұйымдары үшін әдістемелік материалдар жинағын, білім беру және басқарушылық технологиялары, семинарлар және вебинарлар материалдарын, анықтамалық ақпараттарды дайындау; жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсету;
жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізу; жастар арасында туындаған мәселелерді талқылау үшін жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдарды құру; жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандыруды жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өкілеттілік шеңберінде өңірлік және республикалық жастар форумын өткізу; өңірдегі, аудан және ауылдағы жастар арасындағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізу;
Конкурс қатысушыларға қойылатын талаптар:
1.Жоғары білімді болуы,
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
5)Еңбек кітапшасының (егер болған жағдайда) немесе еңбек шартының, немесе соңғы жұмыс орнындағы жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының немесе еңбек шартының тоқтату туралы жазба;
6) Үлгі бойынша денсаулық туралы анықтама;
7) 250 формадағы декларация тапсыру.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліміне, кәсіптік деңгейіне (біліктіліін көтеру, ғылыи дәрежелер және атақтар, ғылыми басылымдар туралы құжаттардың көшірмесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығын кепілдіктер және т.б.) қатысты қосымша мәліметтер бере алады.
Қажетті құжаттар баспасөз ақпараттық құралдары ресми басылымдарына сайыс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға әкелінуі қажет: Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, №13 ғимарат, 28 бөлме.
Анықтама телефондары: 8/72938/ 22901, 22587, электронды мекенжай: r.atasheva@mangystau.gov.kz
«Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»ММ