Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділетдепартаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №10-15-194 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

         1.Түпқараған ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарлатылсын.

  1. Осы шешімнің  қосымшасына  сәйкес  Түпқараған  аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын  бақылау  Түпқараған  аудандық мәслихатының бюджет мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия

төрағасы К.Озгамбаев) жүктелсін.

  1. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап  күшіне   енеді   және  ол   алғашқы     ресми    жарияланған     күнінен    кейін  күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

 

Аудандық мәслихат хатшысы

 

 

 

       

 

Түпқараған аудандық

мәслихатының

2020 жылғы

№   шешіміне қосымша

 

Түпқараған аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

 

  1. «Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде     №2874 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.
  2. «Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 «Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 ақпандағы №38/261 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2978 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

   3. «Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 «Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №18/157 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 3569 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

 

Дата публикации
21 мая 2020