2022 жылдың қазан айының 19-21 күндері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының облыстық филиалы және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясыларының мүшелеріне «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.Семинардың мақсаты сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби біліктігі мен құзыреттерін арттыру болды. Семинар барысында Академияның облыстық филиалының директоры Айгүл Демеуова, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абилов Елубай Джакаевич, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айтуаров Жармағанбет Кайырмаганбетович Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша заңнамаларды түсіндіріп, семинар қатысушыларының сұрақтарына толықтай жауап берді.