Түпқараған ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша талдамалық анықтама

Түпқараған ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша талдамалық анықтама

 

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 170/НҚ бұйрығына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен  122мемлекеттік қызмет түрі, оның  101 қызмет түрі электрондық форматта көрсетілуі негізделген.

         2022 жылдың2 тоқсаны бойынша Түпқараған ауданы әкімдігімен нақты 62мемлекеттік қызмет түрі бойынша 16439(эл.- 15932)қызмет көрсетілген.

         Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді 5 ауыл, 1 қала әкімдіктері, 6 құрылымдық бөлімдер және бөлімдерге қарасты мекемелер (жұмыспен қамту-1) көрсетеді. 1-Қорғаныс істері жөніндегі бөлім.

        Ағымдағы жылдың  есептік мәліметінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 16439оның ішінде:

Мемлекеттік органмен көрсетілген қызмет саны-29 немесе 0,18%

Мемкорпорация арқылы көрсетілетін қызмет саны- 471немесе 2,7%

Электрондық түрде көрсетілетін қызмет саны (ПЭП)- 15932немесе96,9%

         2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызмет түрі - 62:

Мемлекеттік органмен –7;

Мемлекетті корпорациямен –27;

Электрондық үкіметтің веб-порталы –49;

Қала, ауыл мен ауылдық округ әкімдіктері арқылы көрсетілетін қызмет саны – 40, қызмет түрі – 5;

Ақшұқыр-13                     С.Шапағатов-13             Форт-Шевченко-3

Баутин-7                            Таушық-0                       Қызылөзен-4

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, барлығы –232, оның ішінде:

-электрондық түрде берілген – 227 (жеке тұлға – 134, заңды тұлға –5);
-қағаз түрінде берілген – 93 (жеке тұлға – 93, заңды тұлға – 0);

 

            2022 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша  20іс- шара (түсіндірме шарасы -6, жиналыс -4, семинар -2,мақала – 2,әлеуметтік желілерге ақпарат -2, тікелей эфир- 2, тәжірибе алмасу-2) өткізіліп, түсіндіру жұмыстарына 1862адам қамтылды.

                     Түпқараған ауданы бойынша  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының саны –33(сервистік әкімдік-2, мектеп-10, балабақша-12, қала,ауыл әкімдіктері-5, бөлім-4).

         Түпқараған ауданы әкімінің 20.12.2021 жылғы №57   «2022 жылға арналған Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы»  өкімі бекітілді.

         2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына 6 бақылауға жататын объектілер енгізілді.    2022 жылдың 2 тоқсанында 2 объектіге / «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты» ММ/ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің(бұдан әрі - Департамент) мамандарымен бірлесіп бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

    2022 жылдың 2 тоқсанында Түпқараған ауданында мерзімбұзушылық дерегі орын алмады.

Түпқараған ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
14 июля 2022