Түпқараған аудандық референдум комиссиясының төрағасы Ақкенже Берік Дүйсенұлы 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25 мамырында «Республикалық референдум: құқықтық негіздері және референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» оқу-әдістемелік кешенін №227, №228, №229, №230, №231, 234, №235, №236, №238 УРК-ның және ағымдағы жылдың 26 мамырында №232, №233, №237, №239, №250 УРК-ның төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларына түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Семинар соңында Түпқараған аудандық референдум комиссиясының төрағасы Б.Д.Ақкенже сұрақ-жауап айдары бойынша қатысушылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.