Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы сайлау округі бойынша Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 15 мамырда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының сайлау округі бойынша  Форт-Шевченко қаласы әкімінің сайлауы өтті.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының қала әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды.

         Аталған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4391 азамат енгізілді, оның 3302-сі  дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 78, "Бәріне қарсымын" белгісі бар бюллетеньдер саны - 91.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Молдабеков Б.Х. –  2499;

Сағым Ж.А. –  634;

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының  әкімі болып өзін-өзі ұсынған Молдабеков Бауыржан Хамитұлы сайланды.

Молдабеков Бауыржан Хамитұлы 1993 жылы туған, «Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,қала  әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының тұрғыны, қазақ.

 

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы сайлау округі бойынша Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
17 мая 2022