Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 29сәуірінде«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы әкімдігіне өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынған үш кандидатты тіркеді:

Болжабаев Советхан Фазылович 1987 жылы туған, сектор меңгерушісі, «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны, қазақ.

Молдабеков Бауыржан Хамитұлы 1993 жылы туған, қала әкімінің орынбасары, «Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты» ММ, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны, қазақ.

Сағым Жасұлан Амангелдіұлы 1995 жылы туған, бөлім басшысы, «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Қызылөзен ауылының тұрғыны, қазақ.

Дата публикации
29 апреля 2022