«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-нің қызметкерлері 11 наурызда ауданда орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі ЖШС «Теңіз Сервис» және ЖШС «Kaz-M-I» мекемелеріне барып мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу шаралары түсіндірілді. Шараға 17 адам қатысты.
Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру барысында тракторист-машинист куәлігін алу, тракторлар және олардың базасында жасалған арнайы техникаларды есепке алу, есептен шығару, кепілін тіркеу және техникалық байқаудан өткізу қызметтеріне өтініштерді «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы қалай алу жіберу керектігі түсіндірілді.