Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Түпқараған ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы №43 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы №28/194 "Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2672 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы мен шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Тлеповке жүктелсін.
- Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Қосуақов
Аудандық мәслихат Д. Меңдіханов
хатшысы